Биыл 753 мың гектар жерге майлы және дәнді дақылдар себіледі .
Соның мыңнан астам гектарында қауын-қарбыз өсіріледі. Қазір диқандар қызу жұмысқа кіріскен. Олар мол өнім алуды көздейді.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Үржардың шаруалары егін егу науқанына білек сыбана кіріскен. Қазір диқандар тамшылатып суару құрылғыларын орнатып жатыр. Бүгінде қауын-қарбыз, бақша өнімдерінің дәні себіліп бастаған. Ертерек егілген өнім қазір көктеп жатыр.
Талғат Ақбековтың жарты миллоннан астам жері бар. Соның 20 гектарына қауын-қарбыз егіп жатыр. Жаз бойы тамшылатып суару әдісін қолданбақ. Осылайша су ысырабын азайтып, өнім көлемін арттыруды көздейді.
Талғат Ақбеков шаруа:
- Суғарғаны оңай, одан тыңайтқыштар бергенге де болады. Өте оңай әрі жақсы тиімді нәрсе. Қыстық ылғал деген керемет жерде. Биылғы өнім жақсы болады деген сенімдеміз.
Былтыр Егінсу ауылындағы 100-ден астам гектарға қауын егілді. Ерлан Ниетбаев биыл мемлекеттен жеңілдетілген лизинг арқылы екі тракторын жаңартқан. Айтуынша, Үржарда егіншілікке бет бұрғандардың қатары жыл санап артып келеді.
Ерлан Ниетбаев, шаруа:
- Осы ауылға келіп қауын салады. Көбінесе сол қауынмен табады. Енді жазда каникул ғой сол кезде келіп қауын егіп, еңбектерін табады, жақсы. Еңбек деген жақсы ғой. Өзімізде сол еңбекпен келеміз неше жыл болды. Жерге қарап оырғаннан кейін өнімі жақсы болғаны жақсы ғой. Семьямызға, бала-шағамызға тиын тебен.
Биыл Үржар ауданында 112 мың гектар жерге дән себіледі. Егістік былтырмен салыстығанда мың жарым гектарға ұлғайған.
Ерзат Болатов, Үржар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Егістік науқанында шаруа қожалықтарының иелігіндегі 1667 дана трактор, 300-ден астам сепкіш құралдары және 2 мыңға жуық топырақ өңдеу құралдары жұмылдырылды толығымен, жүз пайыз. Жерді өңдеу мәселесі толығымен аяқталды, ылғалды жабу толығымен аяқталды ал дәнді дақылдарды себу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда майлы дақылдар егіліп жатыр.
Аудан бойынша егін шаруашылығымен мыңға жуық шаруа қожалығы айналысады. Жыл басынан бері «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы арқылы 40-қа жуық техника алынған.
Рүстем Қайратұлы, Берік Жобалайұлы