Абайды тойлау рухани серпіліс үшін қажет. Абайтанушы Асан Омаров осылай деді. Абайдың еңбектері – тағылымға толы. Ойшылдың жазған өлеңдері мен қара сөздерін оқып Абай тұлғасын толық тану мүмкін бе деген де сұрақ туады. Абайтанушының жауабын бірге тыңдайық.
Асан Омаров, абайтанушы:
«Абайды тану мүмкін бе?» деген сұраққа бірден жауап берейін, әрине, мүмкін. Өйткені адамның ақылы мен қуаты шексіз, сол сияқты Абайды тану мүмкіндігі де шексіз. Абай – рухани ұстаз, сондықтан оны танудың өзіндік ерекшелігі бар. Жаратылысты, материалдық әлемді біз «ғалам» дейміз, ал көрінбейтін дүниенің сырын ашқан Абай секілді жандарды «хакім», рухани ұстаз, әулие дейміз. Сондықтан оның жұмбағы да, сыры да көп.
Темірлан Нұржанұлы