Шымкентте қырым қанды безгегін жұқтырған екі азамат ауруханаға жатқызылды. Оларды Түркістан облысына қарасты Сарыағаш және Келес аудандарында мал бағып жүргенде кене шағып алған. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ,-дейді мамандар. Науқаспен қарым-қатынаста болғандар оқшауланды. Ауру ошақтары бақылауға алынды.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
530 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Барлығы медициналық бақылауда 14 күн болып, сауығып кеткен. Ал өткен жылы 387 адам ауырған болатын. Конго-Қырым қызбасының табиғи ошақтарының болу себебі эндемиялық аймақтарта иксод кенелерінің мекендеуінен болып тұр.
Ғани Қалмахан