Ресей Өзбекстанда қуаты 2 ГВт болатын үлкен атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр. «Росатом» мен «Uzatom» жуырда келісім жасасты. Тараптар елде маңызды нысанды салудың мүмкіндігі бар ма, жоқ па, алдымен сол жағын зерделейді.

Үлкен АЭС екі энергоблоктан тұрады. Жоспар әзірге осылай, дегенмен олардың санын болашақта төртеуге жеткізу жайы қарастырылуы да мүмкін. Бүгінде жобаның техникалық негіздемесі мен жалпы құнын бағалау бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды. «Uzatom» агенттігі басшысының сөзінше, ірі АЭС салуға қатысты нақты шешім осы жұмыс тобының талдауынан соң қабылданады.

Айта өтейік, өткен жылы Өзбекстан мен Ресей шағын қуатты АЭС құрылысы бойынша келісім жасасты. Алайда негізгі құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ.

Базаркүл Отыншиева