Кейінгі үш жылда пайдаланылмаған 12 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір елімізде 70 мың гектарға жуық жайылым жер жетіспейді. Сондықтан игерілмеген алқаптың барлығы дерлік бірте-бірте халық пайдасына беріліп жатыр. Бұл жолы 2 миллион гектардай үлестірілді. Тағы 4 миллион гектар шаруалардың арасында конкурс негізінде бөлінді.

Жанел Нұрболат