Атырау облысы Индербор кентінде 7-сынып оқушысын қатарластары соққыға жыққан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Аяусыз тепкінің астында қалған жеткіншектің миы шайқалып, денесінің сау-тамтығы қалмаған. Қазір жасөспірім аудандық аурухананың стационарлық бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Телеарна мәліметінше, балалар үзіліс кезінде ойнап жүріп, бір-бірімен келіспей қалған. Қазір оқушылармен ювеналды инспекторлар жұмыс істеп жатыр.
"Бұл жағдай бойынша сынып жетекшісіне, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, мектеп директорына сөгіс берілді. Сынып жетекшісі жұмыстан босатылды. Профилактикалық шаралар жүргізіп тұрамыз", – деді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Дулат Хамзин.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!