Астанада синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 24kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша олардан 100 келіден астам мефедрон тәркіленген. Онда шамамен 300 мың доза бар. Заңсыз тауардың бағасы 6 миллион АҚШ долларына тең. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді тиісті ведомствоның өкілі.