Қостанай облысында 13 жастағы өгей қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шығып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың мәліметінше, ауыр қылмыс қыздың анасы үйде жоқ кезде жасалған. Ер адамның ВИЧ жұқпасы бары анықталды, алайда бала дерттен аман қалды.

Іс жабық сот отырысында қаралды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда балалар футбол клубының менеджері де осындай қылмысы үшін өмір бойына сотталған болатын.