Биыл 5 айда онлайн алаяқтықтың 10145 дерегі тіркелген, деп хабарлайды 24kz.
Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен де көп. Арам пиғылдылардың арбауына, әсіресе, Астана тұрғындары жиі ілігеді. Қаңтар-мамыр аралығында 1500-ден адам алданып қалған. Алматыда 1100, ал Қарағанды облысында 800-ден астам азамат онлайн тұзаққа түсіп қалды. Жалпы интернет алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрі – банк қызметкерінің қоңырауы. Бес айда қазақстандықтарға екі мыңнан астам осындай қоңырау түскен. Интернеттегі хабарландыру арқылы ақша жымқыру да алаяқтықтың кеңінен тараған түрі саналады. Азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға тарту – алаяқтардың тағы бір амалы.