Суды қашан және қалай ішу керек? Бұл сұраққа FitStars фитнес-жаттықтырушысы, биомеханика маманы және "ақылды фитнес" идеясын қолдаушы Виктория Вакулина жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Қанша су ішу керек?

Көбіне 1 келі салмаққа 30–40 мл су. Яғни, сіздің салмағыңыз 60 келі болса, тәулігіне 1,8–2,4 литр су ішу ұсынылады. Бірақ шын мәнінде бұған әсер ететін факторлар бар:

  • ауа райы (ыстық күндері көбірек қажет),
  • дене белсенділігі (жаттығу, қозғалыс),
  • тағам (тұзы, ақуызы немесе кофесі көп тағамдар),
  • денсаулық жағдайы.

Ең дұрыс әдіс — ағзаны тыңдау.

Басқа белгілер:

  • зәрдің күңгірт болcа, демек сұйықтық аз,
  • әлсіздік немесе бас ауырса, ағзаға су жетіспеу белгісі болуы мүмкін.

Ағзаға су жетіспейтінін қалай түсінуге болады?

  • Ауыздың немесе еріннің кебуі;
  • Бас айналу, зейіннің шашырауы;
  • Тез шаршау;
  • Бас ауруы.

"Су ішсем, ісіп кетемін" деген рас па?

Бұл — жиі кездесетін қорқыныш. Бірақ ісіну судан емес, тұздың шамадан тыс болуынан, созылмалы стрестен, қозғалыстың аздығынан, тамырлар мен гормондарға байланысты мәселелерден болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget