Аталмыш көрсеткіш Ұлытау облысының қазіргі халқының санымен шамалас.

Соңғы он жылда еліміздің жеті өңірінде халық саны қысқарған. Аталмыш фактор еліміздің демографиясы мен экономикасына кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Соңғы 10 жылда Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 199 мың адамға азайды. Аталмыш көрсеткіш Ұлытау облысының қазіргі халқының санымен шамалас.

• Солтүстік Қазақстан облысы – -8,6% (минус 49 018 адам)

• Абай облысы – -8,0% (минус 52 776 адам)

• Қостанай облысы – -6,3% (минус 55 348 адам)

• Шығыс Қазақстан облысы – -2,0% (минус 14 983 адам)

• Ұлытау облысы – -1,7% (минус 3 911 адам)

• Қарағанды облысы – -1,6% (минус 18 417 адам)

• Павлодар облысы – -0,6% (минус 4 417 адам)

Халық санының төмендеуі ішкі және сыртқы көші-қонмен, сондай-ақ табиғи өсім деңгейімен байланысты. Аталмыш өңірлер халық санының азаюынан жұмыс күшінің тапшылығына және салық түсімдерінің төмендеуі сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тап болып отыр.

Сонымен қатар, осы өңірлердің облыстық бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін субвенция көлемі биыл 1,752 трлн теңгені құрады:

• Солтүстік Қазақстан облысы – 336 217 821 мың теңге

• Абай облысы – 251 802 902 мың теңге

• Қостанай облысы – 340 665 775 мың теңге

• Шығыс Қазақстан облысы – 270 135 370 мың теңге

• Ұлытау облысы – 59 142 606 мың теңге

• Қарағанды облысы – 347 076 005 мың теңге

• Павлодар облысы – 146 670 494 мың теңге