Төтенше жағдайлар министрлігі Өскеменде суға батып кете жаздаған бес жасар баланы құтқарып қалған студентті марапаттады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, жанқиярлығы үшін Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2 курс студенті Ерасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқары үшін" медалімен марапатталған.

Ведомстволық наградасын ШҚО ТЖД бастығы Рашид Белялов табыстаған.

"Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігіңіз үшін алғыс айтамыз! Көмек қолын созу – нағыз құрметке лайық ең маңызды адами қасиет. Біздің өңірде осындай батырлар бар екеніне қуаныштымын. Өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын адамы бар!" — дейді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үлбі өзеніне құлап, ағыс алып кеткен бес жасар баланы өскемендік студенттің құтқарып қалғанын жазған едік.

Кейін батыр жігітпен Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышев кездесіп, оған алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыстады.

Ерасыл Омарханов
Ерасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқары үшін" медалімен марапатталды. Фото: t.me/qr_tjm