Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты аппеляциялық сот Алматы облысында өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы сотының мәліметінше, қылмыстық іс 2025 жылдың 18 тамыз күні сағат 11:00–де облыстық сот ғимаратында қайта қаралады. Аталған іс бойынша:

А.Шынасыл — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 5, 9, 14 тармақшалары, 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1, 7, 9 тармақшалары бойынша;

Р.Сәкиев — 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 2-бөлігінің 7, 9 тармақшалары бойынша;

А.Тоқтаубаев — 293-баптың 3-бөлігі және 188-баптың 1-бөлігі бойынша;

Ш. Белғожаев, Д.Әскентай, Н.Ільясов, Н.Тоқтаубаева және Д.Қалиахмет — 293-баптың 3-бөлігі бойынша;

Д. Ысқақ — 434-бап бойынша сотталған.

Сондай-ақ Алматы облысының соты Д. Ысқаққа тағайындалған жаза мерзімінің толық өтелуіне байланысты босатылғанын растады.