30 маусым күні БАҚ-тарда Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылында баланы 3 қабаған иттің талағаны туралы ақпарат тарады. Ізінше иттердің реабилитациялық орталық аумағында болған айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғадан соң жергілікті билік иттерді орталық аумағынан алып кетуді талап еткен. Десе де, орталық иесі бұған үзілді-кесілді қарсы болып, бақылау камераларынан алынған бейнежазбаны жариялап отыр.
Орталықтың иесі иттердің аумақтағы қоршаудың ішінде ғана болғанын айтады. Оның сөзінше, иттерге таланған бала досымен бірге қоршау жанында өте ұзақ уақыт ойнаған. Балалар иттердің үрген дауысын қанша естісе де, ойынын тоқтатпаған.
"Иттер тек өз иелігін қорғауға тырысқан" дейді орталық иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от INUCOBO_RK (@inucobo_reserve)