Пәкістанда жер сілкінісінен кейін 200-ден астам сотталушы түрмеден қашып кетті .
Оқиға Карачи қаласында болды. Онда зілзаладан кейін түрмеде эвакуация жүріп жатқан. Осы жағдайды пайдаланған сотталушылар сытылып шығып кеткен. Оларды ұстауға әрекет еткен абақтының 4 қызметкері жарақат алды. Билік бұл кейінгі жылдары елде түрмеден қашуға қатысты тіркелген ең ірі оқиға екенін айтады. Соңғы мәлімет бойынша қашып кеткен 216 сотталушының 80-і қолға түскен. Қалғандары іздестіріліп жатыр.