Жазғы туристік маусым қарсаңында Kaspi Travel Қазақстан ішінде тур сатып алуға арналған жаңа сервисті іске қосты.
Бұрын демалысты жоспарлау үшін демалыс орындарын сайттар мен әлеуметтік желілерден фотосуреттерін, пікірлерді, байланыс нөмірлерін іздеу қажет болатын. Бағасын нақтылап, бос орынның бар-жоғын анықтау үшін қоңырау шалып, хабарлама жазуға тура келетін.
Енді Kaspi Travel-дегі "Қазақстан" сервисі арқылы ең тиімді бағамен демалыс нысандары мен түрін оңай әрі жылдам таңдап, бірден Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Біздің талантты командамыз сүйікті клиенттерімізге Қазақстан бойынша турларды жылдам әрі оңай жоспарлауға мүмкіндік беретін инновациялық сервисті іске қосты. Тікелей Kaspi.kz қосымшасында барлық ұсыныстарды қарап, таңдап, бірден төлем жасай аласыз. Бұл – Қазақстандағы туристік бизнеске еліміздің түрлі өңірлерінен жаңа клиенттерді тартуға, сатылымды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!"
Жаңа сервис арқылы Қазақстанның курорттары мен демалыс базалары өз қызметтерін Kaspi.kz суперқосымшасының 15 миллионға жуық қолданушысына ұсына алады.
"Қазақстан" сервисі туралы толығырақ – KaspiГид-те.
Kaspi.kz туралы:
Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Инновацияларының орталығында – елдегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Оны Қазақстанда 15 миллионға жуық адам пайдаланады. Қосымшада елдегі жетекші электрондық сауда, төлем және қаржылық қызметтер ұсынылған.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, ұшақ пен пойыз билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay суперқосымшасын да әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы олар бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнама кампанияларын іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша бірнеше жылдан бері магистратура студенттері білім алуда.
*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы.