Бүгін кешке Қазақстанның бірнеше аймағында қар аралас жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін.
Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерді жолда аса сақ болуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компанияның хабарлауынша, 3 қараша күні кешке Абай, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", – делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, компания 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласып, жол жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.