Аша-тұяқты жануар бұл өңірде өткен ғасырдың ортасында жойылып кеткен еді.

Алайда, соңғы 25 жылда қайта оралып, бөлек тәлімбақта көбейе бастады. Қазір ондағы бұғы саны 250-ден асты, біразы табиғи ортаға жіберілді.

Кезінде жоғалып кеткен бұқар бұғысын қазір Сырдарияның айналасындағы тоғайлардан көруге болады. Қызыл кітапқа енген жануар жыл санап көбейіп келеді. Бұл табиғат жанашырларының ширек ғасырлық еңбегінің нәтижесі.

Ирина Ширяева ен даланың еркелерін қолға үйретіп алған. Ал күйеуі Фёдор олардың қайта түлеуіне үлес қосқан жан. «Бәрі 2000-ыншы жылдары Отырар ауданына әкелінген 70 бас бұғыдан басталды», — дейді маман.

Фёдор Бочаров — бұғы бағушы:

- Қазір бұқар бұғыларын Қызылорда облысынан бастап Шардараға дейін кездестіруге болады. Біз олардың табиғи ортаға тез бейімделіп кетуіне барымызды салдық. Бұл олардың тарихи мекені.

Қазір бұғы саны 250-ге жетті. Көбі табиғи ортаға жіберілдң. Қалғаны әзірге тәлімбақтың аумағында жүр.

Құралбай Зәрменов — Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы:

- Бұқар бұғылар ол сиыр тектес жануар. Жылына бір мәрте мүйіз тастайды еркектері. Сосын егіз тууы өте аз кезеседі. Бірақ, туыда егіз екеу. Анда – санда көреміз бізде видеокамералар бар, фото фиксаторлар бар. Солар арқылы көріп тұрамыз күйін, жайын.

Мамандардың айтуынша, болашақта бұқар бұғылары тарихи мекенінде көбейіп, иен даланың төсінде еркін жайлатын болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катериан Попкова, Самат Нағашыбекұлы.