93 дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанда жалпы алаяқтық деңгейі 0,7%-ға төмендегенімен, оның ішінде интернет алақтарының саны 25%-ға артқан. Аталған мерзімде интернет-алаяқтық оқиғаларының саны 9 936-дан 12 390-ге көбейді. Мұндай мәліметтер Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловтың мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазылған.

Берік Асылов 25 пайыздық өсімді мұндай құқық бұзушылықтардың дұрыс сараланып басталғанымен түсіндіреді. Яғни, құқық қорғаушылар алаяқтық оқиғаларға бұрынғыға қарағанда дұрыс баға беріп бастаған.

Бас прокурордың мәліметінше, 33 кибертоп əшкереленіп, 93 дроппер қылмыстық жауапершілікке тартылған. 100-ден астам арыз иесі ақшасын қайтаруына байланысты жəбірленушілер тізімінен шығарылса, Антифрод орталығы арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бұғатталды.

"Жəбірленушілердің пайдасына 697 дроперден 1 млрд теңгеден астам ақша өндіріп алынды. 2 716 жəбірленушіге жалпы сомасы 3,3 млрд теңге несиесі тоқтатылды. Азаматтардың хабардарлығын арттыру үшін өңірлердің прокурорлары уəкілетті органдармен бірлесіп мынадай: "Стоп-мошенник", "Кибертрон", "Предупреждение интернет-мошенничеств", "Кибер-қалқан. Алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл", "Кибер-волонтер", "IT ТERGEU", "АЛАЯҚТАН – САҚ БОЛ" профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. "Бұзушылыққа тоқтам", "Алаяқтыққа қарсы" жəне "Cyber prokuror" мессенджерлерде боттар іске қосылды", – делінген Берік Асыловтың жауабында.


Оқи отырыңыз:

  • Енді алаяқтар қоңырау шалғанда қазақстандықтарға дыбыстық хабарлама жіберіледі
  • SMS-хабарлама, код жіберу: Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемалар пайда болғанын ескертті