Жетісу облысының Тұрпан ауылындағы мәдениет үйі жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне тапсырылды.

Ғимараты 2012 жылы апатты деп танылып, есігіне қара құлып ілінген еді. Мәдениет жанашырлары нысанды талан-таражға түсіргізбей, сақтап қалды. Былтыр жаңғырту жұмыстарына 400 млн теңгеден аса қаражат бөлінді. Енді шекаралы аймақтың бүлдіршіндері мен жеткіншектері түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылығын шыңдайды. Ал кітапханада білім көкжиегін кеңейтеді. Айта кетейік, үш жылда Жетісу облысында 30-ға жуық мәдениет үйі салынды.

Мейірман Мейірханұлы, мәдениет үйінің директоры:

- Мектептерде істедік, кішкентай бөлмелерде істедік. Талай қиындықты көрдік. Енді міне бізге мынандай үлкен сарай салынғанына қуанып жатырмыз. Ауыл болып, халық болып қуанып жатырмыз.