«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына облыстағы 40-қа жуық спорт мекемесінен 450 спортшы қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың арасында республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары да бар. Спортшылар бір күндік жаттығудың орнына тазалық шарасына шығып, экологияны жақсартуға үлес қосты. Жарты күнде 25 тонна қоқыс жинап, полигонға шығарды. Енді өңірдегі киелі орындарда сенбілік өткізуді жоспарлап отыр.
Қанат Мангубаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Сенбіліктерге енді жиі шығып тұрамыз. Апта сайын өзіміздің бағдарламасыз бар, алгоритіміміз бар. Енді қазіргі таңда біздің ең басты мақсат – біздегі «Голубая бухта» дейтін мәселе жиі көтеріліп жатыр. Өзіміздің спортшылармен бірігіп, сол жаққа өзімізде өсіп келе жатқан азаматтармен бірге барғымыз келеді.