Ақмола облысында жыл басынан бері 755 азаматтың құқығы қорғалды.
Олардың арасында шаруалар мен жеке кәсіпкерлер де бар. Құқығы бұзылғандар мемлекеттік қызмет істері департаментіне шағым түсірген. Бірі субсидияны уақытылы ала алмаса, енді біріне тиесілі жер телімі берілмеген. Тұрғын үйлерді жекешелендіруге қатысты да мәселе көп. Құзырлы орган өкілдері тұрғындардың арыз-шағымын қарап, нақты шешім шығарды. Бірнеше адамның ісі қашықтан жүргізілетін мониторинг арқылы шешілді. Нәтижесінде 178 шаруаға 400 миллион теңгеден астам субсидия төленетін болды.
Нұрсұлтан Шытырынбек, мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:
- Департамент бақылау нәтижесінде Қазақстан Республикасы құқық бұзушылық туралы 465-бабы негізінде 10 лауызымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мемлекеттің пайдасына 747 мыңнан астам айыппұл өндірілді. 33 лауызымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 15-і басшылық лауызымдағылар.