Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 5 пайызға өсті.
Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, бұған тауар өндірісіндегі, қызмет көрсету саласындағы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің ұлғаюы ықпал еткен. Бұл 2011 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұған қоса, құрылыс саласында, ауыл шаруашылығы, ішкі сауда-саттық, көлік пен қойма қызметінде де ілгерілеушілік бар. Оң нәтиже көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті нығайту және қаржыны тиімді басқарудың арқасында жүзеге асқан. Бұл өз кезегінде отандық кәсіпкерліктің алға жылжуына, өндірістік әлеуеттің артуына септігін тигізді.
Тауар өндірісі 6,3%+
Қызмет көрсету секторы 4,6%+
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,8%+
Құрылыс саласы 15,3%+
Ауыл шаруашылығы 13,7%+