Қазақстан ауған студенттеріне білім беру квотасын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл гуманитарлық қолдаудың маңызды бөлігіне айналмақ. Мұрат Нұртілеу Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен кездесіп, қазақ-ауған серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.
Тараптар сауда, транзит, агроөнеркәсіп, геобарлау және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Министр өзара сенім мен серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Ал Ауғанстан премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадар Кабул мен Астана арасындағы байланысты кеңейтуге әлеует мол екенін айтты.