Қызылорда облысындағы жедел басқару орталығы толық жаңғыртылып, заманауи технологиялар енгізілді, деп хабарлайды 24KZ. Қазір құқық бұзу деректері автоматты жүйе арқылы анықталып жатыр. Алдағы уақытта орталық операторларының жұмысы тағы жеңілдей түспек. Бұл ретте жасанды интелект игілігін кеңінен қолдану жоспарланған.
Қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде тәулік бойы бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Барлық жазба осы жедел басқару орталығына келіп түседі. Полицейлер дәл осы жерде кез келген жағдай бойынша жедел әрекет етеді.
Жақында Полиция департаментінің жедел басқару орталығы толық жаңғыртылды. Заманауи үлгіде үлкен экрандар орнатылып, операторлардың жұмысы автоматтандырылған жүйеге ауысты. Сонымен қатар бейнеконференц жүйесі іске қосылған. Бұдан бөлек, барлық аудан орталығында алғаш рет шағын жедел басқару орталықтары ашылды.
Сәбит Ибадулла, ПД бастығының орынбасары:
- Пилотты түрде «Сұңқар» мобильді кешенін орнаттық. Яғни бұл бізде автоматты түрде құқықбұзушылықтар түрлерін анықтайды. Бұл жерде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған, жылдамдықты асыру, ұялы телефондар қолдану, жаяу жүргіншілерді өткізбеу, жарық шам қоспауы. Бір айдың ішінде «Сұңқар» арқылы 27 мың құқықбұзушылық анықталды. Бұл дегеніміз бір комплекстің өзі көпдеген құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді.
Қазір облыс бойынша 588 бейнебақылау камерасы қоғамдық тәрітіпті үздіксіз қадағалап отыр. Оның 49-ы жылдамдықты өлшеу құралы. Жол ережесін дрондардың көмегімен бақыланады. Облыс орталығында 15 дабыл батырмасы іске қосылған.
Жанат Сейдахметова, жедел басқару орталығының инспекторы:
- Бізде қала бойынша 102 арнасынан бөлек 15 дабыл батырмасы орналасқан. Сонымен қатар 102 қосымшасына кез келген тұрғын өзінің ұялы телефоны арқылы, SMS, видео бейнехабарлама және мәтін арқылы болып жатқан оқиғаны жібере алады. Сол бізге мына планшетке келіп түседі. Көрсетілген аймақтарға біздің қызметкерлерді жіберіп, заңды, тиісті шараларын көре аламыз.
Биыл 1400 бейнабақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» құрылғысы және 58 станционарлық жылдамдық өлшегіш орнату жоспарланған. «Бұл жаңа жүйе жасанды интеллект арқылы құқық бұзу деректерін қалт жібермейді», – дейді мамандар.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Ақан Әлиев, Айтмұхамбат Байділдаев