Жетісу облысында интернет алаяқтық көбейіп барады.

Былтыр осы кезеңде 170 дерек тіркелсе, биыл 220 адам алданып қалды. Қылмыстың алдын алу үшін прокурорлар мен қаржы мониторинг агенттігі бірлескен форум өткізді.

Алқалы жиында алаяқтықтың белгілері түсіндіріліп, одан сақтану жолдары айтылды. Сонымен қатар қаржылық ұйымдар туралы мәлімет беретін «Байқа пирамида» телеграм каналы мен цифрлық сауаттылықты арттыратын «Киберволонтер» жобасы таныстырылды. Жастар арасында ойындар өтіп, үздіктер марапатталды.

Нұртуған Тұрғанбек, студент:

- Бүгінгі форум мен үшін пайдалы болды. Алаяқтарға алданбау, бейтаныс номерлер хабарласқанда жауап бермеу, СМС сұрағанда СМС-ті жібермеу. Сондықтан осы форумда пайдалы білім алдым.

Адай Құтымов облыстық прокуратураның бірінші басқарма бастығының орынбасары:

- «Киберволонтер» жобасын іске асырудамыз. Бұның басты мақсаты жастарды арнайы курстардан өткізіп, қылмыстардың жасалу жолын түсіндіру үшін үлкен ұжымдарға жібереміз. Одан кейін егде адамдармен кездесу өткіземіз. Өйткені, қылмыстардың анализі бойынша біздің жәбірленуші ретінде көбіне егде адамдар өтеді.