Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Жаршы

Атырауда жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

Атырауда жалаңаш жүрген ер адам ұсталды

Атырауда жалаңаш жүрген ер адам ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған кадрда оның көшеде киімсіз жүргені көрінеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға пікір білдірді.

“Қоғамдық орында жалаңаш жүрген 1964 жылы туған ер адам дереу ұсталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам уақытша ұстау орнына қамалды”, — деді полиция.

Полиция мәліметінше, ер адам профилактикалық және медициналық есепте тұрмайтыны анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget