АҚШ-қа Швейцария сағаттарының экспорты 2,5 есе өсті. Бұған Дональд Трамптың баж салығын көтеру туралы шешімі себеп. Тариф күшіне енбей тұрып, компаниялар тауарды шекарадан көптеп өткізуге тырысып жатыр .
Өйткені Швейцарияның сағат шығару саласы үшін АҚШ ең ірі нарық саналады. Блумберг басылымының дерегінше, экспорт 18% артып, оның көлемі 3 млрд долларға жеткен. Айта кетейік, Дональд Трамп Швейцарияға салықты 31%-ке дейін көтерді. Бірақ жуырда Еуропа елдері үшін тарифтерді 9 шілдеге дейін шегерді.