Үндістанда бір жеті толассыз жауған жауын-шашын соңы тасқынға ұласып, 90 адам опат болды. Мыңдаған тұрғын үй-жайын тастап, басқа аудандарға көшкен. Аймақта қауіп деңгейі әлі де жоғары. Әсіресе, Уттаракханд, Джамму және Кашмир таулы аймақтарында ахуал күрделі. 30 млн адам тұратын Пенджаб штатында да ауа райының қолайсыздығынан тұрғындар көп зардап шекті. Әсіресе, жергілікті шаруалар мол шығынға батты. Егін бүлініп, біраз мал қырылып қалған.