Келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толады.
Бірлестік ширек ғасырда мүше мемлекеттердің мүдделерін қорғайтын алаңға айналды. Келелі кеңесте көтерілген байырқалы бастамалардың арқасында арада алыс-беріс те, барыс-келіс те артты. Мұндай мүмкіншіліктен Қазақстан да қапы қалып отырғаны жоқ. Көршілермен келісім күшейіп, өңірдегі беделіміз беки түсті. Саясаттанушы Нұриддин Сұлтанмұратов осындай пікірде.
Нұриддин Сұлтанмұратов, саясаттанушы:
- Қазақстан өзінің көп векторлы саясатының арқасында барлық жақпен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі болып отыр. Қытай біздің әріптестеріміздің бірі. Қытай басшысының Қазақстан президентіне көрсеткен құрметін атап өтуге болады. Мысалы, «бір белдеу — бір жол» экономикалық жобалар бойынша Қазақстан Қытай үшін өте маңызды мемлекет және Қытай да Қазақстан үшін маңызды мемлекет.