Пәкістанда су тасқынынан 785 адам опат болды.
Әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Пенджаб провинциясы қатты зардап шекті. Онда қауіптің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды. Төрт мыңнан астам тұрғын үй бүлініп, ауыл шаруашылығына шығын келген. Соңғы бір тәулікте 19 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кетейік, Пәкістанда муссондық жауын мезгілі маусым айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.