0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Маңғыстауда тәулігіне 50 мың текше метр ауыз су өндіретін зауыттың құрылысы аяқталды. Қазір су жаңа кәсіпорында заманауи қондырғыларды қосу, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол іске қосылғанда, Жаңаөзен мен оған іргелес ауылдарда ауыз су тапшылығы жойылмақ.
Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылының тұрғыны Үміт Құлжанова су тұщыту зауытының іске қосылуын, қала халқы болып асыға күтіп отырғандарын айтады. Себебі жаз айларында ауыз су жетпейді. Сондықтан кестемен беріледі.
Үміт Құлжанова, Кендірлі ауылының тұрғыны:
Кестемен кейде жинай аламыз, кезде жинай алмай қаламыз, сол кезде тапшылық болады. Сол тапсырып беруіне бүкіл Өзеннің халқы болып, соның тілегін тілеп отырмыз. Тапшылық болмаса екен дейміз.
Қазір Жаңаөзен қаласы мен Қызылсай, Рахат, Кендірлі ауылдарында су тапшылығы сезілмейді. Бірақ күн ысыса сұраныс бірден 13-15 мың текше метрге дейін артып, тапшылық басталады.
Шапағат Шарапатдинов, «Өзенинвест» МКК директорының міндетін атқарушы:
Дәл қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы және оған іргелес жатқан ауылдар 30 мыңға дейін су тұтынып отыр. Ертең күн ысыған кезде жаз мезгілдерінде бұл сұраныс тәулігіне 43-45 мыңға дейін көбейіп кетеді. Сұраныс көбейген жағдайда біздің су беру қабілеттілігіміз жетпей, мәжбүрлі түрде кестемен беру шарасына өтеміз.
Ал Каспий теңізінің «Тоқмақ» мүйісінде былтыр басталған су тұщыту зауытының құрылыс-монтаж жұмыстары бүгінде аяқталған. Енді құрылғыларды монтаждау, қосып-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы, Тілші:
Зауытта теңіз суы тұщытылады. Мұнда қалған соңғы жұмыс — ол теңізге ұзындығы 740 метр болатын екі құбырды салу. Олар арқылы теңіз суы зауытқа тасымалданады. Міне, ұзын құбырларды 40 автокран теңізге салып жатыр.
Орақ Аяпов, жобаға тапсырыс беруші компания өкілі:
Жалпы біздер осы 30-мамырда зауыттың іс қосу бойынша жұмыстанып жатырмыз. Барлық сынақ жұмыстары қазір қосымша жүріп жатыр.
Зауыт тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытады. Оның құрылысына және инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге122 млрд теңге жұмсалған. Кәсіпорында 96 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Аягөз Оралбайқызы