Бауыржан Исаев Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берген сұхбатында сахнада жүргеніне 30 жыл болса да, ешбір атақ алмағанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Атаққұмар емеспін. Жасыратыны жоқ, сахнада жүргенімізге келесі жылы 30 жыл болады. Бірақ әлі күнге дейін маған атақ берген жоқ. Ашуым да келмейді. Бермесе, бермей-ақ қойсын. Мен ойлаймын анда-санда, біз енді ерекше халықпыз ғой. Атаққа, абыройға ие болу үшін бұл өмірден озу керек шығар. Маған атақ керек жоқ. Халық баяғыда беріп қойған сияқты атақты. Атаққа менен де лайықтылар жетеді. 2016 жылы Дос-Мұқасан тобының әншісі, негізін қалаушысы, өте абыройлы кісі Мұрат Құсайынов "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алады. Менің алдымда жүрген аға-әпкелерім бар атақ алмаған. Дүниеден озғаннан кейін беретін шығар", — деді Бауыржан Исаев.