Қазақстандықтар шетелге шығу турларын әуежайда тексере алады.

Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Туристік Қамқор» елорда әуежайына ақпараттық монитор орнатты. Стенд ұшаққа кірер алдында турды тексеруге мүмкіндік береді. Жолаушылар сенсорлық экранға бірегей нөмірін енгізу арқылы тур жайында хабар ала алады. Бұл азаматтарға туристік қызметтердің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.