Елімізде инвестициялық саясат тұжырымдамасы сәтімен іске асырылып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Маңызды құжат алдағы 4 жылда негізгі капиталға тартылатын қаржыны жалпы ішкі өнімнің 23%-іне дейін ұлғайтуды көздейді. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды кемінде $150 млрд көлемінде тарту жоспарланған. Межелі міндетке жету үшін тұжырымдамада 3 негізгі бағыт белгіленген. Жалпы республика бойынша 46 ілкімді істі жүзеге асыру күтіліп отыр.