Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай елордада QAZCONTENT OPEN 2025 атты шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Шаран «Qazcontent» АҚ, Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беруді тұрақты дамыту қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Жарыс Spaces коворкинг орталығында өткізілді.

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Турнирге отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушылар арасында баспа, телеарна, радио және интернет журналистері бар. Жарыс блиц форматында швейцар жүйесімен (7 тур) өтіп, жартылай финал мен финал ойындары нокаут тәртібімен ұйымдастырылды.

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Жеңімпаздар:

  • 1 орын — Рүстем Омаров («Elkz» ақпараттық агенттігі)

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

  • 2 орын — Нұрлан Салықбаев («Қазақстан» телеарнасы)

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

  • 3 орын — Мерей Ермұханов (IQas_astana CEO-сы)

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Сонымен қатар, «Үздік инфлюенсер» номинациясы блогер Сергей Хванға табысталды.

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Ал «Қазақстан» телеарнасының журналисі Ляззат Тушкенова турнирдің белсенді қатысушысы ретінде марапатталды.

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті

Турнирге «Хабар», Qazsport, Informburo, Tengrinews, Литер, «Егемен Қазақстан» және өзге де жетекші БАҚ-тың өкілдері қатысты.

«Шахмат ойыны журналистер үшін аса маңызды дағдылар – стратегиялық және сыни ойлау, жедел шешім қабылдау қабілеттерін дамытады. Блиц форматындағы партиялар редакциялық жұмыстың қарқынымен ұқсас. “Qazcontent” медиахолдингі мұндай зияткерлік бастамаларды қолдауға әрқашан дайын», – деді «Qazcontent» АҚ креативтік дирекция басшысы Жандос Смайлов.

Қатысушылар турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, еркін диалог пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Астанада БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2025 шахмат турнирі өтті