Қазақстанның үш ірі қаласында қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салынады.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жыл қорытындысына арналған баспасөз брифингі барысында мәлімдеді.

Айтуынша, елімізде жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық пайда болады.

2024 жылы қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 25,8 пайызды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6 пайызға дейін өсті. Сонымен, утиль төлем қаражаты есебінен жобаларды жеңілдетілген қаржыландыру механизмі аясында қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданды. Оның ішінде 22 жоба 89,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Бұлар: қоқыс тасымалдайтын көліктер, сұрыптау және қалдықтарды қайта өңдеу жобалары, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол жоспарланған жобаларды жүзеге асыру 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өндеу деңгейін 40 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қол қойылған инвестициялық келісімдер аясында жалпы құны 293 млрд теңгені құрайтын 3 қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу жоспарлануда, құрылыс мерзімі 2–3 жыл. Биыл біз қалдықтарды басқару тұжырымдамасын әзірледік. Бұл құжат қалдықтарды түгендеуді, цифрландыруды және барлық процестерге тұрақты мониторинг жүргізуді көздейді, — деді Ерлан Нысанбаев.