Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.