Жанкүйерлердің белсенділігі өте төмен. Тіпті кей секторларда барлық орын бос тұр. Тек 30 мың теңгенің билеттері сатылған. Егер жағдай өзгермесе алматылық клуб жартылай бос стадионда ойнауы мүмкін. Нақты қанша билет сатылғаны әлі белгісіз.
Айта кетейік, бұның алдында болған «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері толық сатылып, ине шаншыр орын болмаған еді.
Азамат Атагелді, Тicketon компаниясының өкілі:
- Сұраныстың жоғары болғанын әрине өзіміз де қалаған едік. Алайда өкінішке қарай, ондай үлкен сұраныс жоқ. Бос орындар бар. Билет бағасын белгілейтін УЕФА мен «Қайрат» футбол клубы. Біз тек билеттерді сатумен ғана айналысамыз.