Футболдан “ Ордабасы ” клубының президенті Асхат Сейсембек футболшылардың жалақысын төмендеткенін мәлімдеді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол “Бірінші бол” You Tube арнасына берген сұхбатында 20 миллион жалақы алды деген Асхат Тағыберген туралы өз ойын айтты.
”Біз биыл жалақыны 35%-ға төмендеттік. Асхат клубтың дамуына үлкен үлес қосты. Чемпион, капитан болды. Асхатпен бірдей, тіпті одан да жоғары және төмен жалақы алған ойыншылар да болды. Асхатпен арада келісім шарт өз күшінде болды. Мен ол оған лайық болды немесе болмады деп айтқым келмейді. Клубтың басшысы, қала басшылығы, спорт басқармалары тараптарынан спорттық көзқарастардан да бөлек жағдайларды ескеріп, мүмкіндіктер аясында өмір сүреміз. Кейде біздің міндеттеріміз мүмкіндіктерімізбен сәйкес келмей жататын. Сол үшін де түрлі әңгімелер, көңіл толмайтын жайттар болды. Футболшы танымал тұлға болғандықтан оның айналасында түрлі әңгімелер жүруі де заңды”, — дейді ол.
Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын “Ордабасы” футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыбергеннің 20 миллион жалақы алатыны туралы ақпарат тараған еді.