Шығыс Қазақстан облысында 9 млрд теңгеден астам сомаға электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Бірқатар энергиямен жабдықтаушы компания екі жыл бойы халыққа, әлеуметтік нысандарға және стратегиялық нысандарға арналған электр энергиясын майнинг кәсіпорындарына заңсыз жеткізіп келген. Қолданылған электр энергиясының көлемі сағатына 50 мегаваттан асады. Бұл 70 мың халқы бар қаланың тұтынатын энергиясымен тең. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы Астанада 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Қазіргі таңда тергеу мен тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Темірлан Нұрсолтан