2023 жылы Колумбияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, 3 ересек қаза табады. Ал ұшақтағы 4 бала Амазонка орманында жоғалып кетіп, 40 күннен кейін аман-есен табылған.
Апаттан аман қалған 13, 9, 5 жастағы балалар мен 11 айлық сәби орманда 40 күн бойы өз беттерінше өмір сүрген. Орманда жеміс жеп, жаңбыр суын ішіп жан сақтаған. Оларды «Wilson» есімді із кесуші ит тауып алған. Балалардың айтуынша, дәл сол ит оларды қорғап, аман қалуға көмектескен.