Ақмола облысында белгісіз біреулер аудандық мәслихат төрағасының үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты өңірлік полиция растады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, қарулы қылмыскерлер түнде бетперде киіп, жекеменшік үйге кіріп, үй иесі мен отбасын жертөлеге қамап, үйді тінтіп, ұрланған заттарды көлікке тиеп, оқиға орнынан жасырынған.

Ақмола облысының полициясы бұл туралы толық ақпарат бермегенімен, шабуыл дерегін растады.

"Астраханка ауылында қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған адамдардың жеке басын анықтау және оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget