АҚШ федералдық соты Трамптың АҚШ-та туған балаларға азаматтық беруді шектейтін жарлығына уақытша тыйым салды.

Шешім иммигранттардың құқын қорғаушылардың ұжымдық арызы бойынша қабылданды. Судья мәселені қарастыру кезінде "Трамптың жарлығы заңдық тәжірибеге қайшы. Ол жылдар бойы қалыптасқан жүйені бір сәтте жойып, елді шығынға ұшыратады. Өйткені АҚШ азаматтығын алу әлемдегі ең үлкен артықшылық" деп атап өтті. Ақ үй болса "шешімді заңсыз, федералдық сот Жоғарғы соттың бұйрығына қарсы шығып отыр" деп сынға алды. Трамп әкімшілігі оған қарсы шағым береді.