Астана мен Қарағанды қалаларында еліміздің ашық чемпионатының супер, екінші, үшінші лигалардағы II тур ойындары өтті. Командалық тартысқа таңдаулы клубтарымызбен қатар, көршілес Ресей, Өзбекстанның да командалары қатысты.
Үш күнге ұласқан жарыста көрермендер тартысты ойындардың куәсі болды. Астана қаласында өткен супер лига сайысына 12 команда қатысып, 10 ұпай жинаған Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасы топ жарды. 2-орын 9 ұпайы бар «Қарағанды-1» командасының ойыншыларына бұйырса, 7 ұпай жиған «Shymkent-I» (Шымкент) командасы үштікті түйіндеді. 4-орын 7 ұпай иеленген «Altay Pro» (Өскемен); 5-орын «Масаншы жолбарыстары» (Жамбыл облысы, 6 ұпай); 6-орын МЖСШМ (Алматы, 6 ұпай) командаларына бұйырды.
Қарағанды қаласында екінші лига ойындары өтті. Нәтижесі төмендегідей: 1-орын – Almaty-2 МЖСШМ, 9 ұпай; 2-орын – «Қарағанды-3», 8 ұпай; 3-орын – Хван Ман-Гым-2 (Өзбекстан, Ташкент облысы), 8 ұпай; 4-орын – «Қарағанды-2», 8 ұпай; 5-орын – «Сигма» (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын – «Ардагер» (Алматы), 6 ұпай.
Кеншілер қаласында өткен үшінші лига тартысына да 12 команда қатысты. 1-орын «ШҚО-1» (Өскемен), 10 ұпай; 2-орын «SaryArka» (Астана), 9 ұпай; 3-орын «Ақтөбе», 8 ұпай; 4-орын «Jenimpaz» (Павлодар); 5-орын Мартөбе БЖСМ-12 (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын 5 ұпай иеленген ОРОМБЖСМ «Қарағанды-1» клубына бұйырды.