Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді.

Қытайлық компания Қазақстанда мұнай-газ саласында 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұған дейін кәсіпорын $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырған. Жиында тараптар ынтымақтастық күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқылады. Жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүзеге асырылуда. Талқылау қорытындысы бойынша жоба жұмыс топтары деңгейінде жалғасады.

Темірлан Нұржанұлы