Шығыстағы жылу электр орталықтарының барлығы 50-60 жыл бұрын салынған. Сондықтан тозу деңгейі 40-тан 60 пайыз. Дегенмен соңғы 3 жылда стратегиялық нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту басталды. Биыл өңірдегі 3 ірі жылыту электр орталығын жөндеуге 11 миллиардтан астам теңге бөлінді. Өскемен мен Риддер қаласында жұмыстар басталып кетті.
Риддер жылту электр орталығы соңғы екі жылда тоқтаусыз жаңғыртылып келеді. Нәтижесінде кеншілер шаһарының тұрғындары өткен қыстан қысылмай шықты. Стратегиялық нысындағы 6 қазандық толық жөнделді. Енді турбино цехында ауықымды жұмыс басталды.
Баймұханбет Молдабаев, Турбина цехының ауысым бастығы:
Қыстай екі құбыр жұмыс істеп шықты. 17-18 МгВаттан жұмыс алып шықты. Қаладағы жылу да бізде, ыстық суда бізден кетеді. Даланың сыртқы температурасына байланысты режимді ұстап отырдық.
1955 жылы салынған станцияда 6 қазандық 3 турбина бар. Үшеуі толық іске қосылғанда тәулігіне 28 мегаватт киловатт электр өндіреді. Жылыту орталығы бір қыста 300 мың тонна көмір жағады. Қалада 130 шақырым жылу құбырының былтыр 36, биыл 6 шақырымы жаңаланбақ. Ал станцияны жаңғыртуға былтырдан бері 15 миллиардтан астам теңге бөлінді.
Кирилл Голота, «Риддер ЖЭО» директорының міндетін атқарушы:
Бұрын қазандықтардың апаттық жағдайы 75 пайызда тұрса, соңғы екі жылда ол 15 пайызға дейін түсті. Бұл үлкен көрсеткіш. Бұрын жылыту орталығы 80 пайызға тозып тұрса, мемлекеттен үздіксіз бөлінген қаржының арқасында қазір ол 35 пайызға төмендеді. Яғни 65 пайызы жаңаланды. Дегенмен әлі де атқарылатын шаруа шаш етектен.
Өскемен мен Согра жылыту электр орталықтары да жаңғыртылып жатыр. Жабдықтардың жалпы тозуын 2%-ға дейін төмендету үшін жөндеудің жаңа сатысы басталды.
Рузиля Әбдурашитова, Облыстық Энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:
Жылу электр орталықтарын жөндеуге 11 миллиард теңге қарастырылған. Тариф есебімен қоса алғанда, барлық қаражатқа 18 қазандық, 13 турбина жөнделеді. Бұл өте ауқымды жұмыс.
Келер жылы Өскемен жылыту электр орталығында жаңа қазандық салынбақ. Өйткені облыс орталығында жылу мен энергия тапшылығы жыл санап артып келеді.
Олжас Керейхан