Сурет: ernur.kz
Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қамтиды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұған дейін Президент тексерудің алғашқы нәтижелерін бір апта ішінде ұсынуды тапсырған болатын. Комиссияны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның орынбасары ретінде Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайылов тағайындалды.
Комиссия құрамына Президент Әкімшілігінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қауіпсіздік кеңесінің, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратураның, ҰҚК мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Дана Нартаева



