Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Шындық

“Сахнада соқыр адам сияқты”: Қайрат Әділгерей Қобыланды Болаттың образына қатысты пікір білдірді

“Сахнада соқыр адам сияқты”: Қайрат Әділгерей Қобыланды Болаттың образына қатысты пікір білдірді

Танымал актер Қайрат Әділгерей әнші Қобыланды Болаттың сахналық образына қатысты ойын ашық айтты. Өнер иесі әншінің сахнаға қара көзілдірік тағып шығуын құптамайтынын жеткізген, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қайрат Әділгерей "Хабар" арнасындағы "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында бұл образды сахна мәдениетіне сай емес деп бағалаған.

Актердің пікірінше, сахнаға шығатын өнерпаз көрерменмен тікелей байланыс орнатуы керек. Ал қара көзілдірік сол байланысты әлсіретеді.

"Сахнада соқыр адам сияқты", – деген ол әншінің образына қатысты пікір білдірген.

Қайрат Әділгерейдің бұл сөзі әлеуметтік желіде де қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар актердің пікірімен келісіп, сахнада көрерменге құрмет пен белгілі бір этика сақталуы керек екенін жазған.

Ал енді бір топ желі қолданушысы қара көзілдірікті қазіргі сахналық стильдің бір бөлігі деп қабылдайтынын айтып, әр әртістің өз образын таңдауға құқығы бар екенін алға тартқан.

Пікір білдірушілер арасында басқа танымал әншілердің де сахнаға көзілдірікпен шығатынын мысалға келтіргендер бар. Осыған байланысты желіде "көзілдірік – стиль ме, әлде сахна мәдениетіне қайшы ма?" деген пікірталас туындады.

Қайрат Әділгерей кім?

Қайрат Әділгерей –  қазақстандық актер, әзіл-сықақ және тележобалар арқылы танылған өнер иесі. Ол көрерменге түрлі юморлық бағдарламалар мен телевизиялық жобалардағы рөлдері арқылы кеңінен таныс.

Сондай-ақ Қайрат Әділгерей қоғамдағы және шоу-бизнестегі түрлі тақырыптарға қатысты пікірін ашық айтып жүр. Соңғы кезде ол әншілердің сахналық образы мен сахна мәдениетіне байланысты айтқан ойымен әлеуметтік желіде талқыланды.

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова