Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Қосшы

“Шикі балықты аузы мен құлағына тыққан”: Алматыда әйел өз үйінің ауласында баласы қандай қорлық көргенін айтты

“Шикі балықты аузы мен құлағына тыққан”: Алматыда әйел өз үйінің ауласында баласы қандай қорлық көргенін айтты

Алматыда 11 жастағы баланың анасы ауладағы балаларды жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы қорлағанын мәлімдеді. Полиция департаменті өкілдері тексеріс басталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

11 жастағы баланың анасы Threads желісінде Алматыда үйінің ауласында балалардың қорлық көргені туралы жазды. Оның айтуынша, 13-14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы балаларды ұрып-соғып, балағаттап, өзара төбелесуге мәжбүрлеген.

Әйел ұлының іші мен бүйрегінен соққы алғанын айтты.

"13-14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы балаларды қорлады. Менің ұлымды ішінен және бүйрегінен ұрып, балағаттады. Сайраннан аулап әкелген шикі балықты аузы мен құлағына тыққан. Мұның бәрін басқа балалар көрген. Олар балаларды өзара төбелесуге мәжбүрледі, бүкіл аула үреймен өмір сүрді", – деп жазды ол.

Оқиғадан кейін әйел полицияға арыз түсірді. Басқа ата-аналар да осындай арыз жазған.

"Мен кек алғым келмейді. Мен өз баламның және басқа балалардың қауіпсіздігі мен әділдікті қалаймын. Бәрін жауып, ұмытып кетуге жол бермеймін", – деді әйел.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне сауал жолдады. Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеруді Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы жан-жақты және объективті түрде зерттеледі, оның ішінде оқиғаға қатыстылардың барлығы анықталады. Құқыққа қайшы әрекеттер расталған жағдайда, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды белгіленген тәртіппен профилактикалық есепке қою мәселесі қарастырылады", – деп хабарлады полиция.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы